Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру идеясы мен бастамасын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы 1 наурызда «Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында көтеріп, оны Мемлекет Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдаған болатын.
«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 «Каспий», «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және қызметтерін қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығымен құрылған болатын.
«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ қызметінің негізгі нысаны мемлекеттік және жеке секторлардың күш-қуаттарын біріктіру арқылы Батыс Қазақстан облысы экономикасының өркендеуіне септігін тигізу болып табылады.
«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ құру мақсаты
- Батыс Қазақстан облысының экономикалық өрлеуіне септігін тигізу;
- Мемлекеттік және жеке секторлардың күш-қуаттарын біріктіру арқылы кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуына қолайлы жағдайлар туғызу;
- Кластерлік тәсілдеме негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру;
- Батыс Қазақстан облысына инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыру;
- Пайдалы қазбалар кенін барлау, өндіру және өңдеу;
- Өңірді әлеуметтік дамытуға бағытталған бағдарламаларды жасақтауға және жүзеге асыруға қатысу;
«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
Корпорация қызметі корпоративті басқарудың ашық жүйесі қағидаларына, экономика секторының жекешелік және де мемлекеттік бастамаларын қолдауға негізделген кешенділік қағидасы негізделеді, бұл өңірдің әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешетін жобаларды таңдауға басымдылық береді.
«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ міндеттері
«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін келесі негізгі міндеттер шешілуі тиіс:
- ҚР Үкіметі жанындағы ӘКК мәселелері жөніндегі Мамандандырылған кеңес ұсынбалары негізінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспарларының, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі өңірлік даму стратегияларының тармақтарын ескере отырып, Компанияның көздеген мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;
- Өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу;
- Мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірісті өркендету;
- Инвестицияларды тарту және инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастыру;
- Бизнес-жобаларды, соның ішінде концессиялар мен кластерлік бастама негізінде жүзеге асыру;
- Шағын және орта бизнесті дамыту үшін институттық жағдайларды туғызу;
- Мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы жұмылдыру арқылы өңірлерді екпінді дамытуды қамтамасыз ету;
- Өңірлердің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық имиджін көтермелеу;
- Кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу арқылы шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру;
- Бизнес-жобалар қорын қалыптастыру, оларды қаржыландыру және жүзеге асыру үшін жағдайлар туғызу.