Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан және республиканың орталық, оңтүстік облыстарына және Орта Азия елдеріне енгізетін қақпа болып табылады.
Облыс территориясы 151,3 мың шаршы шақырымға тең.
Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Ақтөбе және Атырау облыстарымен шектесіп жатыр, олармен теміржол желілері, автомобиль, су және әуе көлік жолдары арқылы байланысады.
Жер бедері
Аймақтың рельефі жазық. Облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығысында Жалпы Сырт сілемі және Предураль платосы бар. Оңтүстігінде Прикаспий ойпаңы шегінде Нарынқұм құмдары орналасқан: Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және басқалары. Климаты шұғыл континенталды.
Гидрография
Облыс аумағы бойынша облыстағы басты су артериясы болып табылатын Жайық өзені ағып жатыр. Басқа да ірі өзендер бар: Сарыөзен, Қараөзен, Қалдығайты, Өлеңті, Бұлдырты, Шыңғырлау. Ірі көлдер: Шалқар, Аралсор, Боткөл, Жалтыркөл, Сұлукөл және тағы басқа.
Топырақ
Топырақ күңгірт-сарғылт, салғырт, ашық сарғылт, сортаңды болып келеді. Дәнді-әр түрлі шөпті, дәнді-жусанды, жусанды-бидайықты өсімдіктер басым.
Орал өңірі пайдалы кендерге бай болып келеді, оның ішінде басымдысы мұнай мен газ, бұл ретте Қарашығанақ кеніші әлемдегі ең бай кеніштердің бірі болып саналады.
Әкімшілік-территориялық бөлінуі
Облыс орталығы Орал қаласында орналасқан.
Облыс халқының саны 2020 жыл қортындысы бойынша 652 325 адамды құрады, оның ішінде қалалық жерлерде 339 259 адам, ауылдық жерлерде – 313 066 адам.
Халықтың тығыздығы облыс бойынша орта есеппен (аумақтың 1 шаршы метріне) 4,0 адамды құрайды.
Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік, тарихи және мәдени орталығы.
Қала 1613 жылы құрылды және Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінде орналасқан. Жайық өзені орта, ағысының оң жағалауында, өзеннің Қазақстан Республикасының аумағындағы ұзындығы – 1082 км. Және Шаған өзені төменгі ағысының сол жағалауында.
Қала маңын есептегенде қала территориясы 700 км2 асады.
Тұрғындар саны – 339 259 адам.
Қала аумағында 4 селолық округтер бар: Желаев, Зачаган, Круглоозерный және Деркөл кентінде жалпы тұрғындар саны 98,7 мың адам.
Орал қаласынан Нұр-Султан қаласына дейнгі арақашықтьқ – 1747 км.
Аймақтың әкімшілік-территориялық құрылымына 12 аудан жатады:
- Ақжайық ауданы – Чапаев ауылы
- Бөкей ордасы ауданы – Сайқын ауылы
- Бөрлі ауданы – Ақсай қаласы
- Жаңақала ауданы – Жаңақала ауылы
- Жәнібек ауданы – Жәнібек ауылы
- Бәйтерек ауданы – Перемётное ауылы
- Казталов ауданы – Казталовка ауылы
- Қаратөбе ауданы – Қаратөбе ауылы
- Сырым ауданы – Жымпиты ауылы
- Тасқала ауданы – Таскала ауылы
- Теректі ауданы – Федоровка ауылы
- Шыңғырлау ауданы – Шыңғырлау ауылы
Қаланың көрікті жерлері
Оралдың бейнесі бірегей және қайталанбас, әсіресе өзінің XVIII – XIX ғасырлардағы тарихи ескерткіштерімен ерекшеленеді: Е. Пугачев үйі, Ескі собор, Храмом Христа Спасителя, атамандардың үйі, Карев үйі, облыстық әкімдік ғимараты, қалалық мәдением және демалыс саяжайы. Қаланы заманауи ететін жаңа шағын аудандар мен зәулім тұрғын үйлер, аэро- және темір жол вокзалдарының ғимараттары, Абай, С. Датов, М. Мәметова, И. Чапаев, А.С. Пушкинге арналған ескерткіштер, мәңгілік алауы бар Жеңіс Мемориалы және тағы да басқалары.
Тұрмыс деңгейі
2020 жыл қортындысы бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 206 038 теңгені құрады. 2019 жылдың тиісті тоқсанына номиналды жалақы индексі 102% құрады, нақты ақшалай табыс 95,2% құрады.
Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2020 жылғы желтоқсаның соңына 16 918 адамды құрады, жұмыс күші (экономикалық тұрғыдан белсенді халық) санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 5% құрады.
Баға
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы желтоқсанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,2% құрады. Сонымен бірге азық-түлік тауарларына баға индексі 102,1%, азық-түлік емес тауарларға - 103,5%, ақылы қызметтерге - 103% құрады. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсанда 2019 жылғы желтоқсанға қатысты 113,2% құрады.
Ұлттық экономика
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бағалау есебімен 467 млрд. теңге немесе 2019 жылдың деңгейіне 78,4% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2021 жылғы 1 қаңтарға 11408 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8444 бірлік.
Сауда
2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы «Сауда» (көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу) саласы бойынша нақты көлем индексі 103,8%-ды құрды.
Қаржы жүйесі
Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік салымдары 2020 жылғы желтоқсан айының соңына 342,23 млрд. теңгені құрады. Шетел валютасындағы кредиттердің үлес салмағы 11% құрады. Халық депозиттері 198,8 млрд. теңгені құрады.