Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жалпы ақпарат, білім
Төреғалиев Нариман 1964 жылы 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есенсай ауылында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1990) инженер-экономист, Каспий қоғамдық университетін (2004) заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Мансап
1990 – 1995 жылдары «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті;
1997 - 1999 жылға дейін - "Айтиево"өндірістік кешенінің бас бухгалтері, бас экономисі, жабдықтаушысы;
1999 - 2001 жылдары - "Ақжол" шаруа қожалығының басшысы;
2001 - 2002 жылдары-Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
2002 - 2003 жылға дейін - Орал қ. жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры;
2003 - 2005 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары;
2005 - 2008 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары;
2008 - 2010 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры;
2010 - 2012 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;
2012 - 2015 жыл - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі;
2015 - 2016 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2016 - 2017 жылға дейін - Орал әкімі;
2017 - 2022 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.