+7 7112 93-37-68

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақты бірге тұрғызайық!» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы» және 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Жарлықтарын жүзеге асыру мақсатында жасақталды.

Бағдарлама коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құру, халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің сапасын арттыру мақсатындағы шараларды жасақтап-қабылдауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ қаржыландырудың арнайы механизмдерін құру арқылы кондоминиум нысандарындағы ортақ мүлікті жөндеу, соның ішінде термомодернизацияны қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы негізінен бір-бірімен өзара тығыз байланысқан екі элементтің жапсарласуынан құралады:

  • тұрғын үй секторы, оған коммуналдық қызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көппәтерлі тұрғын үйлер мен жеке үйлер кіреді;
  • коммуналдық сектор, ол жылу-, газ- және электр қуатымен қамтуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ мемлекет бөлген қаражат есебінен жөнделетін желілер мен тұрғызылымдардан құралады.

Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2011-2012 жылдары республикалық бюджеттен «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту арқылы 432,5 млн. тенге бөлінді.

Оның ішінде 425,8 млн.теңге қазіргі таңда Орал қаласы (7 нысан) және облыс аумағындағы 7 ауданда  (Ақжайык, Сырым, Қаратөбе, Тасқала, Казталов, Жаңғала және Жәнібек аудандарында) 34 көппәтерлі тұрғын үйлер жөнделді. Әкімшілік шығындар қаржылық экономикалық негіздемеге сәйкес 6,66 млн. теңге.

Қазіргі таңда, Премьер-Министр К. Мәсімовтің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 06-80 тапсырмасы негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысы Н.Ныгматулинның 2015 жылғы 24 қантардағы № 215-1 және  Премьер-Министр бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың 2015 жылғы 20 ақпандағы ӘКК тиімсіз Бағдарламалардан шығару тапсырмасы негізінде, осыған орай Үкіметтік тиімсіз Бағдарламалардаң міндеттемелермен талап ету құқықтарын цессия және қарыз келесім-шарттарымен мамандырылған ұйымға беру ұсынысы негізінде, «Батыс Қазақстан облысының қаржы баcқармасы» ММ 2015 жылғы 9 маусымдағы № 308 Бұйрығымен 8 мамандырылған уәкілетті ұйым тағайындалды.

Қазіргі таңда, 2015 жылғы 9 маусымдағы № 308 Бұйрық негізінде «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ Орал қаласы және облыс аумағындағы 7 ауданда орналасқан мамандырылған уәкілетті ұйымға міндеттемелермен талап ету құқықтарын цессия арқылы Бағдарламаны жүзеге асырмайды.

© 2010 - 2022 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84