Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет 2014 жылы 31 наурызда 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын (ҚРЖЖ №280) (бөлек файлмен) бекітіп, сондай-ақ бәсекеге қабілетті ортаға тапсырылуға ұсынылатын Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің еншілес, тәуелді мекемелері мен басқа да мүдделес заңды тұлғаларының тізімін қабылдаған болатын.