1 |
Құрлыс нысанының орналасқан жері |
Батыс Қазақстан облысының әкімшілік бөлігінде орналасқан.
Жобаның қолжетімді тұрғын үй құрылысы немесе авариялық және ескірген үйлерді бұзуға әлеуметтік бағытталуы артықшылығы болып табылады
|
2 |
Жобаның құны |
Құрылыстың болжамды құны тұрғын үйдің 1 ш.м. 155 000 теңгеден құнынан аспауы керек |
3 |
Құрылыс нысанының сипаттамасы |
1) Қабаттылығы – 5 қабаттан төмен емес
2) Пәтерлер саны – 60 пәтерден кем емес
3) Жайлылық сыныбы –3 сыныптан кем емес (ҚР ҚНмЕ сәйкес)
4) Кіреберістер саны – 2 кіреберістен кем емес.
|
4 |
Әлеуетті Әріптеске қойылатын талаптар |
- Азаматтық құрылыс саласында 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
- Соңғы 3 жылда көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына қатысу (келісімдер немесе пайдалануға беру актілерімен расталады);
- Мемлекеттік тапсырыстар бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы (басымдылық болып табылады);
- Үй құрылысы үшін жер телімі мен оң мемлекеттік сараптама нәтижесі бар дайын жобалық-сметалық құжаттаманың болуы(тиімді орналасу басымдылық болып табылады);
- Бірлесіп қаржыландыру үшін – бірлескен Жобаны жүзеге асыруда қаражаттардың 10 %-нан кем емес мөлшерінің барын растайтын тиісті банк анықтамасы немесе кепілдік хаты (құрылыс нысанының тікелей салуға дайын болуы басымдылық болып табылады);
- Құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері міндетті түрде қоса тіркеледі;
- Соңғы 3 жыл нәтижесі бойынша оң қаржылық жағдай (қаржы есептемесі және банк пен салық органдары анықтамаларымен расталады).
|
5 |
Ерекше шарттар |
- «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ бірлесіп жүзеге асыру мақсатында Жобаны және Әріптесті таңдау құқығын өз қарастыруына қалдырады;
- «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан қаржыландыру немесе бірлесіп қаржыландыру мөлшерлері конкурс қорытындыларының келіссөздері негізінде ұсынылған өтінімдер бойынша анықталады;
- Конкурсқа қатысу өтінімін қарастырғанда апатты және ескі үйді бұзу шеңберінде салынатын құрылыс жобасы басымдылыққа ие болады;
- Конкурсқа қатысу өтініміндері қажетті құжаттар пакеті тізімінің 4-тармағына сәйкес ақпараты толықтай қамтуы қажет, «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан 100% қаржыландыру жағдайында конкурстық өтінімде 4-ші тармақтың 5) тармақшасынан басқа құжаттары болуы қажет;
- Конкурсқа қатысушының өтінімі мекеме туралы қысқаша сипаттама, жұмыс тәжрибесі, ұсынылып отырған бірлескен жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштер және бірлесіп жүзеге асырудың тағы да басқа шарттарын көрсету қажет;
- Конкурсқа қатысу өтінімі 2017 жылдың 18 сәуірінен бастап 2017 жылдың 3 мамырының 10 сағат 00 минутке дейн қағаз нұсқасында бекітілген желімге (конверт) салынып, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 206/1 мекен-жайыбойынша орналасқан «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ кеңсесіне тапсырылуы тиіс;
- Осы хабарлама көпшілік офертасы болып табылмайды.
|
Толықтай және қосымша ақпарат алу үшін келесі мекен жай бойынша хабарласуға болады:
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 206/1
немесе 8 (7112) 50-59-47, 50-66-28, 8-705-512-1312 және 8-705-331-5311 телефондары арқылы.
Сонымен қатар, электронды түрде Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына сұрақтарыңызды жолдауға болады.