+7 7112 93-37-68

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

«Орал» ӘКК» Акционерлік қоғамының «Licorice Kazakhstan» ЖШС-нің жарғылық капиталына қатысу үлесі 9% 2019 жылғы қаңтардың 22 күні сағат 11.00-де (Астана уақытымен) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында тендер жолымен сауда өтетіндігін хабарлайды.

Саудаға салынып отырған мүліктің алғашқы (бастапқы) құны 9 тиын құрайды;

Кепілдік жарнасы саудаға салынған мүліктің алғашқы (бастапқы) құнының 15%-ын құрайды.

     Мүлікті сатудың шарты: сатылудағы мүліктің құнынан кепілдік жарнасын алып тастағанда қалғаны, сатып алу келісім-шартына қол қойған күннен бастап, қос тараптың келісімімен жүзеге асырылады, бірақ жеңімпаз 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төлеуі тиіс, сонымен қатар толық төленгеннен кейін қабылдау-табыстау актісіне 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қою кажет.

Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:  

  1. жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
  2. заңды тұлғалар үшін: (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының  тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);
  3. кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
    1. байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, e-mail),

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде  Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге қатысушылар өтінімді және оған электронды қосымша (сканерленген) көшірмесімен бірге төмендегідей құжаттарды тіркеу қажет:

-   Тендерге қатысушы қол қойған, Тізілімнің веб-порталында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен баға ұсынысын;

-   Сауда-саттыққа өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді;

-   Шетелдік заңды тұлғалар қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады. 

Тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

   Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

Қатысушының көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталының  өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, Тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады.  Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, Тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабылдау не қабылдаудан бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді.

Егер тендерге тіркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда нысаны бір ғана қатысушыға мүмкін үшінші және одан кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеді деп жарияланады.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша Тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Тендерді өткізу кезінде комиссия ұсынысы нысаны үшін ең жоғары мәнді қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушыны тендердің жеңімпазы деп жариялайды.

Егер тендерде екі және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын болса, онда қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып табылады.

Тендердің жеңімпазы тендер аяқталғаннан кейін электрондық хаттамаға қол қою үшін сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.

Тендерде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама Тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні комиссияның барлық мүшелері мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

Тендер кезінде сатушы Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушылардың электронды мекенжайларына тендер нәтижелері туралы электрондық хабарламаны жібереді, оған комиссия қол қойған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

         Сатып алу-сату шарты жазбаша түрде сатушы мен сатып алушының арасында жасалады және келiсiм-шарт жасасудың негiзi ретiнде сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға жасалған сiлтеменi қамтуы тиiс.

       Сауда-саттықта ұтқан тұлға сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілдік жарнасын жоғалтады және сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтырады.

Сату-сатыпалу келісім-шарты бойынша есептесу ісі жеңімпазбен «Орал» ӘКК» АҚ-ы арасында жасалады. Оның негізінде сатып алушы төлемдерді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) Кепілдік соммасы алдын ала төлем ретінде есептеледі.

2) Мүліктің қалған соммасын өтеу, қос тараптың келісімімен жүзеге асырылады, бірақ жеңімпаз 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төлеуі тиіс.

Аукцион өткізу бойынша қосымша ақпаратты Орал қаласы, Чагано-Набережная к-сі 84 үй мекен-жайынан және  мына телефон арқылы алуға болады : 8 (7112) 24-59-47

Кепілдік жарна мен төлемдерді жүзеге асыру реквизиттері:

«Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ, БСН 050540004455, БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ946017111000000330, Банк: "Қазақстан халық банкі" АҚ, КНП 171, Кбе 16.

© 2010 - 2022 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84