+7 7112 93-37-68

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерді қаржыландыру бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінім беру: кәсіпкерлік субъектісінің қарыз алуға өтінімін «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ-ға жібереді. Өтінімдер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес БҚО азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия айқындайды;

Мерзім, % мөлшерлеме: шарт жасалған сәттен бастап 12 айға, жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, қарыз мерзімі келісілген өтеу кестесі аясында негізгі борыш пен сыйақы бойынша бекітіледі.

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл (жылжымайтын мүлік), банк кепілдігі, сақтандыру шарты түрінде беріледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді

Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (өлшемдер):

1) кәсіпкерлік субъектілерінде азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымның (қойма құрылыстары, арнайы жабдығы бар үй-жайлар және басқалар) болуы;

2) банк өнімдері (кредиттер, лизингтер, есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету бойынша берешек) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

3) мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз өнім берушілер тізімінде болмауы және мамандандырылған ұйымалдында орындалмаған және (немесе) уақтылы орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;

4) өтінім мамандандырылған ұйым арқылы қабылданып, барлық несие тарихы мен қойылатын кепілге талдау жасалып, оң шешімін тапқаннан кейін Комиссияға қарауға енгізу ұсынылсын.

Қаржыландыруға қалай өтініш беруге болады:

Өтінім беру үшін сізге «Аqjaiyq «ӘКК» АҚ-ға құжаттар пакетімен жүгіну қажет, ол мыналарды қамтиды:

1) қаржыландыруға өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (https://egov.kz) немесе талон-ЖК жүзеге асыру туралы хабарлама;

3)ЖШС (ЖК) директоры жеке куәлігінің көшірмесі;

4) ЖШС Жарғысы, құрылтайшының қарыз алу туралы шешімі, директорды тағайындау туралы бұйрығы;

5) құрылтайшылардың, ЖШС, ЖК директорының соттылығының болуы (болмауы) туралы анықтама;

6) мемлекеттік кірістер органдарында берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (салық, https://egov.kz));

7) қосымшаға сәйкес «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нен ақпарат беруге келісім;

8) «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің ЖШС, (ЖК) кредиттік тарихы туралы есебі;

9) кепіл мүлкін бағалау туралы есеп;

10) жылжымайтын кепіл мүлкіне құқық белгілейтін құжаттар (техникалық паспорт, сатып алу-сату, сыйға тарту шарттары және т.б., жер учаскесінің акты, объектіні пайдалануға беру актісі және т. б.);

11) жылжымайтын кепіл мүлкіне ауыртпалықтың (кепілде болу, тиым салу) жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (https://egov.kz);

12) жұбайының жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға Нотариаттық келісімі (егер мүлік бірлескен меншік болып табылса);

13) қарыз қаражатын есептеу үшін банктік шоттың деректемелері;

14) Баланс, пайда мен шығын туралы есеп, 2022, 2023 және 2024 жылдың өткен кезеңі үшін ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп.

Толық ақпарат алу үшін «Aqjaiyq «ӘКК» АҚ-ға Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі 84, 2-қабат мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

Тел. +7 (7112) 93 37 68

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

© 2010 - 2022 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84