Ағымдағы жылдың 17-18 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысының делегациясы Қызылорда облысында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинарға қатысып келді.
Іс-шараға Сыр өңіріне арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, әр өңірден келген ведомство басшылары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары және ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.
Кездесу барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Aqjaiyq» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Абай Дәулет» ЖШС арасында тұз өнімін жеткізу бойынша меморандум жасалды.
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинар
- Толығырақ