+7 7112 93-37-68

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

WhatsApp_Image_2024-06-24_at_16.52.35.jpeg

2024 жылғы 24 маусым

«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ қызметкерлері арасында жоспарлы оқу іс-шарасы мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға және 2024 жылғы 1 мамырдағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген соңғы өзгерістері туралы;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық және мәдениет ережелері, мүдделер қақтығысын жою мәселелері бойынша,

-"Aqjaiyq" ӘКК "АҚ-да ISO 37001 халықаралық стандартын енгізуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ішкі рәсімдерімен, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсаттармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың 2024 жылға арналған бағдарламасының мәнімен таныстырылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік азық-түлік тауарларын өткізу туралы хабарландыру 2024 жылғы 21 маусымнан бастап мынадай бағамен:

 

Тауардың атауы ӘКК  бағасы

Қала бойынша сату бағасы, тг.

(10% үстеме)

Аудан бойынша сату бағасы, тг.

(15% үстеме)

1.

Күріш

«Элита», 25 кг

290 319 334
2.

Күнбағыс майы

«Белес», 1 л., 5 л.

525 577 603
3.

Макарон өнімдері

«Белес», 20 кг.

250 275 287
4.

Майлылығы 2,5% сүт

«Зорькин луг», 0,9 л.

260 286 299

Әлеуметтік маңызы бар азық түлік азық түлік тауарларын өткізу орындары:

  • «Пешеход» супермаркеттері;
  • «Алтындар» супермаркеттері;
  • «Вега» супермаркеттері;
  • «Mango» супермаркеттері;
  • «Аяжан» оптомаркеті;
  • «Азиза» дүкені, Деркөл ауылы;
  • «Теща» супермаркеті, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы;
  • «Арна» дүкені, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы;
  • «Гүлрайхан» дүкені, Қаратөбе ауданы;
  • «Сәбен» дүкені, Жаңақала ауданы;
  • «Сәбит» дүкені Жәнібек ауданы.

Сұрақтар туындаған жағдайда 97-37-69 тел. немесе электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерді қаржыландыру бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінім беру: кәсіпкерлік субъектісінің қарыз алуға өтінімін «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ-ға жібереді. Өтінімдер бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес БҚО азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия айқындайды;

Мерзім, % мөлшерлеме: шарт жасалған сәттен бастап 12 айға, жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, қарыз мерзімі келісілген өтеу кестесі аясында негізгі борыш пен сыйақы бойынша бекітіледі.

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл (жылжымайтын мүлік), банк кепілдігі, сақтандыру шарты түрінде беріледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді

Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (өлшемдер):

1) кәсіпкерлік субъектілерінде азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымның (қойма құрылыстары, арнайы жабдығы бар үй-жайлар және басқалар) болуы;

2) банк өнімдері (кредиттер, лизингтер, есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету бойынша берешек) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;

3) мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз өнім берушілер тізімінде болмауы және мамандандырылған ұйымалдында орындалмаған және (немесе) уақтылы орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;

4) өтінім мамандандырылған ұйым арқылы қабылданып, барлық несие тарихы мен қойылатын кепілге талдау жасалып, оң шешімін тапқаннан кейін Комиссияға қарауға енгізу ұсынылсын.

Қаржыландыруға қалай өтініш беруге болады:

Өтінім беру үшін сізге «Аqjaiyq «ӘКК» АҚ-ға құжаттар пакетімен жүгіну қажет, ол мыналарды қамтиды:

1) қаржыландыруға өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (https://egov.kz) немесе талон-ЖК жүзеге асыру туралы хабарлама;

3)ЖШС (ЖК) директоры жеке куәлігінің көшірмесі;

4) ЖШС Жарғысы, құрылтайшының қарыз алу туралы шешімі, директорды тағайындау туралы бұйрығы;

5) құрылтайшылардың, ЖШС, ЖК директорының соттылығының болуы (болмауы) туралы анықтама;

6) мемлекеттік кірістер органдарында берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (салық, https://egov.kz));

7) қосымшаға сәйкес «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нен ақпарат беруге келісім;

8) «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің ЖШС, (ЖК) кредиттік тарихы туралы есебі;

9) кепіл мүлкін бағалау туралы есеп;

10) жылжымайтын кепіл мүлкіне құқық белгілейтін құжаттар (техникалық паспорт, сатып алу-сату, сыйға тарту шарттары және т.б., жер учаскесінің акты, объектіні пайдалануға беру актісі және т. б.);

11) жылжымайтын кепіл мүлкіне ауыртпалықтың (кепілде болу, тиым салу) жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (https://egov.kz);

12) жұбайының жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға Нотариаттық келісімі (егер мүлік бірлескен меншік болып табылса);

13) қарыз қаражатын есептеу үшін банктік шоттың деректемелері;

14) Баланс, пайда мен шығын туралы есеп, 2022, 2023 және 2024 жылдың өткен кезеңі үшін ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп.

Толық ақпарат алу үшін «Aqjaiyq «ӘКК» АҚ-ға Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі 84, 2-қабат мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

Тел. +7 (7112) 93 37 68

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 05 маусымнан 05 шілдеге дейін

Үміткерлер: агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

Нысаналы мақсаты жаңаларын құру немесе немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту:

1. өнімділігі 400 және одан да көп мал болатын тауарлы сүт фермалары (МКФ);

2. көкөніс қоймалары (1000 тоннадан);

3. суды үнемдейтін заманауи технологияларды (жаңбырлатып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілік (картоп пен көкөніс, жем өндіру)

Кепілмен қамтамасыз ету: жылжымайтын және жылжымалы мүлік

Несиелеу шарттары:

Несие валютасы теңге
Несие мерзімі 10 (он) жылға дейін
Несиенің максималды сомасы 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды
Негізгі қарызды өтеу

тең үлестермен,

жылына кемінде 1 рет

Несие бойынша сыйақы төлеу жылына кемінде 1 рет
Өтеу бойынша жеңілдікті кезең:  
негізгі борыш 24 айға дейін
несие бойынша сыйақылар 12 айға дейін
   

Әлеуетті жобалар мен қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортты алмастыруын ескере отырып, салалық орындылығы;
  • өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету;
  • уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен артық болмауы;

берік жемшөп базасын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы.

WhatsApp_Image_2024-05-13_at_09.46.23.jpeg

«AQJAIYQ» ӘКК» АҚ 2024 жылдың мамыр-тамыз айларына көкөністерді (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз өнімдері) сатып алу бойынша сенімді көтерме жеткізушілермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік орнатуға шақырады.Сапаға қойылатын талаптар, сатып алу көлемі және ынтымақтастықтың басқа да шарттары туралы толық ақпарат алу үшін тұрақтандыру қорын басқару департаментіне келесі байланыс көздері бойынша хабарласуыңызға болады:
тел. +7 771 217 76 76
       +7 (7112) 93 37 68

© 2010 - 2022 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84