Антикоррупциялық заңнамасы бойынша кездесу
- Толығырақ
Батыс Қазақстан облысының шағын және орта кәсіпкерлік субъекттерінің, «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы мамандарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру және антикоррупциялық мінез-құлық ережелерімен таныстыру мақсатындағы кездесуі.
Шарттық міндеттемелердің орындалуына және ақшалай қаражаттың игерілуіне мониторинг
- Толығырақ
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде «Рубцов А.А.» ЖК, «Baystone» ЖШС, «Агрофирма Ақас» ЖШС, «Руслан» ШҚ тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарттар аясында, шарттық міндеттемелердің орындалуына және ақшалай қаражаттың игерілуіне мониторинг жасалды.
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинар
- Толығырақ
Ағымдағы жылдың 17-18 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысының делегациясы Қызылорда облысында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинарға қатысып келді.
Іс-шараға Сыр өңіріне арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, әр өңірден келген ведомство басшылары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары және ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.
Кездесу барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Aqjaiyq» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Абай Дәулет» ЖШС арасында тұз өнімін жеткізу бойынша меморандум жасалды.
.
- Толығырақ
«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында «айналым схемасы» тетігі шеңберінде Бөрлі, Бөкей Ордасы, Жәнібек, Сырым, Шыңғырлау, Казталов, Жаңақала, Бәйтерек аудандарының кәсіпкерлерімен пайыссыз қарыздар беру бойынша келісімшарттар жасалды.
Шарттық міндеттемелер шеңберінде ӘКК қызметкерлері шарттық талаптардың сәйкестігіне, сөреде тауардың болуына және басқа да көрсеткіштерге баға мониторингін жүргізді. Мониторинг нәтижесі бойынша кемшіліктер мен олқылықтар анықталып, ескертулер берілді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлермен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% - дан аспайтын сауда үстемесін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға хабарландыру:
- Толығырақ
- 100 тонна көлемінде картоп өнімін сатып алу;
- 60 тонна көлемінде пияз өнімін сатып алу;
- 10 тонна көлемінде сәбіз өнімін сатып алу.
Жеткізушінің негізгі шарттары:
* Жеткізушінің дайын сауда логистикалық инфрақұрылымы (қойма құрылыстары);
* Өнім ГОСТ-қа сәйкес келуі керек.
Жеткізу шарттары:
Тауарды жеткізу мерзімі-шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде;
Коммерциялық ұсыныстарды 2024 жылғы 10 тамызға дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштаға жіберу қажет.