+7 7112 93-37-68

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

Жақында «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп, өңірдегі саяжай иелеріне өз тауарларын көтерме бағамен өткізу мүмкіндігін ұсынған болатын.

Аталмыш жоба өңір басшысының тапсырмасына сәйкес облысымыздың барлық саяжай иелерінің өнімдерін өткізу процесін оңтайландыру әрі халыққа сапалы өнімді тиімді бағада ұсыну мақсатында енгізілді. Көкөніс өсіретін кез келген тұрғын өз өнімін ешқандай алым-салықсыз, нарықтық бағамен өткізіп, кейін ол өнім Корпорацияның әлеуметтік дүңгіршектері арқылы халыққа қолайлы бағамен сатылатын болады.

«Бүгін жаңа жоба іске асырыла бастады. «Первый дачный» саяжай серіктестігінің мүшелері алғашқылардың бірі болып, 60 кг картоп, 40 пияз және 50 кг сәбіз тапсырды. Жоба жалғасады. Біз басқа да саяжай иелерінің ұсыныстарын қабылдауға дайынбыз. Көкөністерден тек әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміндегі картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат қабылданатынын естеріңізге сала кетейін», - деді  «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Басқарма төрағасы Бақдәулет Ибраимов.

Аталған жобаға қатысты туындаған сұрақтар бойынша Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының кеңсесіне жүгінуге болады. Байланыс телефоны - 8(7112)97-20-10.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, шағын бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жарақтандыруға, "Жасыл белдеу" және "Сүт белдеуі" жобаларына бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасы іске асырылуда. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 6,4 млрд. теңге бөлінді. "Ауыл аманаты" жобасы ауыл тұрғындарына 5-7 жыл мерзімге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.

"Біздің облыс бойынша барлығы 1106 өтінім келіп түсті, оның ішінде жалпы сомасы 1 млрд. 852 млн. теңгеге 272 өтінім мақұлданды. Қалған өтінімдер әзірге қаралуда. Ақжайық, Теректі, Сырым, Казталов және Бәйтерек аудандары тұрғындарының белсенділігін атап өту керек. Бұл бағдарлама - өсімдік пен мал шаруашылығынан басқа да ауыл шаруашылығы техникасына сервистік қызмет көрсету, жартылай фабрикаттар өндіру, тігін цехы сияқты басқа да бағыттарды дамытуға жақсы мүмкіндік", - деді "Aqjaiyq" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Бақдәулет Ибраимов.

Алғаш болып жеңілдікпен несие алып, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсібін ашқан Теректі ауданының тұрғыны Саржан Ибатов өз жоспарымен бөлісті. Осы бағдарламаның аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау үшін арнайы құрылғы сатып алған. Қазір пластиктен жасалған бұйымдар, макулатура және басқа да тұрмыстық қалдықтарды жинап, Орал қаласына апарып тапсырады. Сондай-ақ, малдың жүнін өңдеп, көрпе-жастық тігу кәсібін бастады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтардан келіп түскен өтінімдердегі жалпы қаражат сомасының облысқа берілген 6,4 млрд. теңгелік лимиттен асып кетуіне байланысты қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Барлық өтінімдерді қарап, нәтижесін шығару ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

«AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп, өңірдегі саяжай иелеріне өз тауарларын көтерме бағамен өткізу мүмкіндігін ұсынады.

 «Бұл жоба өңір басшысының тапсырмасына сәйкес облысымыздың барлық саяжай иелерінің өнімдерін өткізу процесін оңтайландыру әрі халыққа сапалы өнімді тиімді бағада ұсыну мақсатында енгізілді. Қыркүйек айынан бастап көкөніс өсіретін кез келген тұрғын өз өнімін ешқандай алым-салықсыз, нарықтық баға бойынша бізге тапсыра алады. Кейін ол өнім біздің әлеуметтік дүңгіршектеріміз арқылы халыққа қолайлы бағада сатылатын болады. Көкөністерден тек әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміндегі картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат қабылданады», - дейді  «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Басқарма төрағасы Бақдәулет Ибраимов.

Қазіргі уақытта Орал қаласының «Ел ырысы», «Мирлан» және «Алтын алма» сынды ірі сауда базарларында арнайы саяжай иелеренің өнімдерін сатуға арналған тегін сауда орындары қарастырылғанын атап өту қажет.

Аталған жобаға қатысты туындаған сұрақтар бойынша Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының кеңсесіне жүгінуге болады.
Байланыс телефоны - 8(7112)97-20-10.

Қазақстан Республикасы Президентінің инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жұмыстар белсенді жүргізілуде.

83F55772 DAB8 4A78 AC1B 77082B8FC1A3

Облыстың бірегей географиялық орналасуын және Шығыс пен Батыс Еуропаның ірі экономикалық және мәдени орталықтарына жақын орналасуын ескере отырып, өңірге инвестицияларды тарту арқылы белсенді әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдайлар бар.

2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,5% - ға өсіп, 405,7 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпықұны 224 млрд теңге болатын 700-ден астам тұрақты жаңа жұмыс орнын құрумен 18 жоба іске асырылды.

2023 жылы жалпы құны 18,8 млрд. теңге болатын 620 жаңа жұмыс орнын құрумен 17 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының кәсіпорындарын орналастыру барысында «TerezeStyle» ЖШС, «QazFanCom» ЖШС терезерамалары мен фанера өндірісі бойынша жобалар іскеқосылды. PlyCom фанерасын өндіру және «РосНефтеХим» ЖШҚ химиялық өнімдерін өндіру жобалары бойынша іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Қойылған міндеттерді ескере отырып, шетелдікинвестицияларды тартуға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылғы 11 айдың қорытындысы бойыншанегізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетелдік инвестициялардың үлесі 64%-ды құрады.

Атқарылып жатқан жұмыс шеңберінде шетелдіктердің қатысуымен жүзеге асырылыпжатқан бірқатар ірі жобаларды атап өтеміз: Қарашығанақты кеңейту (КПО б.в.), көмірсутек шикізатын өндіру Рожковское ОПЭ («Орал Ойл эндГаз» ЖШС), мұнайды терең өңдеу зауытын салу («ABS-Мунай» ЖШС), Батыс Қазақстан облысында тігінен интеграцияланған құс фабрикасынұйымдастыру жобасы (Agrotop Ltd), сұйық метанол өндірісі («ZhaikPetroleumLtd» ЖШС) және т.б.

Мысалы, өңірде кластер құру перспективасымен газ-химия саласын дамыту мақсатында 2019 жылдан бастап «ZhaikPetroleumLtd» ЖШС газ-химия кешенін салу жобасын іске асыру мәселесі пысықталуда. Жоба А класындағы метанол, аммиак және карбамид өндірісін ұйымдастыруды қарастырады. Жобаның жалпы құны 140 млн АҚШ доллар құрайды, құрылыс кезеңінде 400, пайдалану кезеңінде 228 жұмыс орнын құрумен. Іске қосу мерзімі – 2024 жыл.

Жобаны іске асыру мақсатында 2015 жылы 18,7 га жер учаскесі бөлінді, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін инфрақұрылым тартылуда.

2022 жылғы 25 қаңтарда «ZhaikPetroleumLtd» ЖШС мен «ҚазТрансГаз «ҰК» АҚ арасында тауарлық газ жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

2022 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.А.Өскенбаевпен кездесу аясында «ZhaikPetroleumLTD» ЖШС мен CITIC Construction және China huanqiu Contracting&Engineering қытай компаниясымен $140 млн сомасына EPC-келісімшартқа қол қойылды.

Сонымен қатар, жоба келесі бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда:

- «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы,

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №730 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мұнай-газ химиясы саласын дамыту жөніндегі ұлттық жоба,

- Индустрияландырудың бірыңғай картасы.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру облысқа әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне шығуға, өңірдің салық салынатын базасын ұлғайтуға, экономиканың басым секторларынжақсартуға, соның ішінде өңірдің газ-химия саласын дамытуды және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

«БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ және «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ

Бүгін Орал қаласының жаңа халықаралық әуежайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2019 жылдың маусымында басталған жаңа әуежайдың құрылысы биылғы жылдың наурыз айында аяқталды.

Әуежайдың құрылысы КПО б.в. компаниясының қатысуымен және қаржыландыруымен жүргізілді.  Құрылыс-монтаж жұмыстарына қазақстандық компаниялар «KazConstructionGroup», «Инфратэк» ЖШС, «Стеклосервис» ЖШС және т.б.  үлес қосты. Әуежайды абаттандыру мен көгалдандыруға белгілі оралдық бағбан-селекционер, «С.Исаев атындағы халықаралық тәжірибелік-эксперименттік коллекциялық бақ-бақ-бақшасының» иесі – Қайрат Кәрімов өз үлесін қосты.  Әуежай қабырғаларын әсем қаламыздың суретімен безендіріп, суретші Жәрдемов Нұртай да өз үлесін тигізді.

Жолаушылар терминалының ауданы 10 мың шаршы метрді құрайды. Әуежай соңғы технологиядағы жаңа жабдықтармен жабдықталған, бұл әуежай қызметкерлеріне, сондай-ақ келушілер мен жолаушылар жұмысын жеңілдетеді.

Орал әуежайынан 7 сәуірден бастап тұрақты рейстер аймақтық және халықаралық бағыттарға рейстерді орындалады.

Ашылу салтанатында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Орал қаласының тұрғындары мен қонақтарын Мәншүк Мәметова атындағы жаңа әуежайдың ашылуымен құттықтап, сонымен қатар «KazConstructionGroup» құрылыс компанияларының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Әуежайдың ашылуына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев, КПО б.в. бас директоры Джанкарло Рую де қатысты.

INSTAGRAM

«Aqjaiyq» ӘКК»АҚ «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) жасыл қаржы орталығымен бірлесіп ынтымақтастық туралы, сондай-ақ бірлескен жобалық кеңсе құру туралы Меморандумға қол қойды.

Жобалық кеңсенің миссиясы - «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында іске асырылатын тұрақты қаржы құралдарын енгізу арқылы Батыс Қазақстан облысының жасыл және әлеуметтік инвестициялық жобаларын іске асыру.

Жобалық кеңсенің негізгі міндеттері: Жобалар пулын қалыптастыру, жобаларды қалыптастырп және инвестициялар тарту.

Ынтымақтастықтың әлеуетті пайдасы жергілікті бюджетке түсетін жүктемені оңтайландырудан, сондай-ақ инновациялық құралдарды қолданудан тұрады.

2 наурыз күні «Aqjaiyq» ӘКК басқарма төрағасы Нәдір Құрымбаев ZOOM платформасында БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп өз ісін ашқысы немесе жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейткісі келетін жастармен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысында ӘКК басшысы конференцияға қатысушылармен әңгімелесті, "Aqjaiyq" ӘКК тарапынан кәсіпкерлерді қолдау құралдары туралы айтты, алдағы уақытқа жоспарланған жаңа жобаларды таныстырды, кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді.

2021 03 03

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен жер телімдері мәселелері бойынша кеңес өтті.

2021 02 27


Жобаларды іске асыру үшін инвесторларға жер беру туралы «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Надир Курумбаев айтып берді:
- «Aqjaiyq» ӘКК арнайы тетігі арқылы инвестор жер учаскесін аукционға және конкурсқа қатыспай-ақ ала алады, оны әлеуметтік, коммерциялық, өнеркәсіптік және өндірістік, ауыл шаруашылығы объектілеріне жалға беру аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін кадастрлық құны бойынша сатып ала алады.Қолданыстағы тетіктің арқасында 25-тен астам инвестор жер телімдерін алды, онда 2000 жұмыс орнын құра отырып, 82 млрд теңге сомасына 28 инвестициялық жоба іске асырылады. «Ақжайық» тұрғын ауданының құрылысы үшін жер учаскелері де осы тетік шеңберінде беріледі. Бүгінгі таңда БҚО және басқа облыстардан 9 құрылыс компаниясынан өтінімдер келіп түсті. 2 жергілікті компаниямен шарттар жасалды: «Каз-Хол» ЖШС және «Болашақ-Т» ЖШС.

Кәсіпкерлерге шағын учаскелерді ұсыну үшін «Көше саудасына арналған 100 орын» бағдарламасы жұмыс істейді. Жер учаскелері gosreestr.kz порталында электрондық сауда-саттық өткізу арқылы бөлінеді, бұл адам факторының араласуын болдырмайды және өткізілген сауда-саттықтың ашықтығын қамтамасыз етеді.

– Бүгінгі таңда 5 онлайн аукцион өткізіліп, 43 жер учаскесі сатылды. Жоба аясында 12 кәсіпорын мен 70 жұмыс орны құрылды. 2021 жылы осы бағдарлама бойынша 50 жер телімін іске асыру, 10 жаңа кәсіпорын және 100 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, – деп атап өтті Надир Құрымбаев.

Әлеуметтік-экономикалық даму, өңірдің инвестициялық әлеуеті, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы нысандары туралы барлық ақпаратты инвесторлар http://invest07.gov.kz порталынан, сондай-ақ, «Aqjaiyq» ӘКК инвесторларға қызмет көрсету орталығынан ала алады, ол бүгінгі таңда 600 млрд теңгеден астам сомаға 60-тан астам инвестициялық жобаларды сүйемелдейді.

Тәжірибе алмасу мақсатында бүгін «Aqjaiyq» ӘКК басқарма төрағасы Надир Курумбаев «Алматы» ӘКК басқарма төрағасы Асқар Білісбековпен кездесті.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
- инвестицияларды тарту тетіктері
- өнеркәсіптік парктерді дамыту;
- тұрақтандыру қорын басқару;
- шағын және орта бизнесті қолдау.

Бұл кездесу екі корпорацияның жұмысына және өңірлердің инвестициялық ахуалын жақсартуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Алдағы кездесулер мен ынтымақтастыққа үміттенеміз.

19.02.2021.jpeg

 

2020 ж. 29 маусымында БҚО әкімдігі «AQJAIYQ» ӘКК АҚ және «Атамекен» РКП базасында «Бизнеске арналған Үкімет» AQJAIYQ INVEST фронт-кеңсесін іске қосты.

«Бизнеске арналған Үкімет» - бұл инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет ететін өкілдер:

  •  даму институттары («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету Қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «AQJAIYQ» ӘКК» АҚ);
  •  табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері;
  •  аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері;
  •  ХҚКО (электрондық мемлекеттік қызметтер);
  •  мемлекеттік орган өкілдері: БҚО бойынша мемлекеттік табыстар Департаменті, БҚО жер қатынастары Басқармасы, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы, БҚО мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы, кәсіпкерлік және инвестициялық даму Басқармасы, ауыл шаруашылық Басқармасы;
  •  ҰАҚ Гипрозем;

Бұл орталықтың ашылуы инвестордың идеядан іске көшу жолын едәуір жеңілдетпек. Қажетті мамандарды бір жерге шоғырландыру кәсіпкерлерді көптеген инстанцияларға барудан босатады.

AI.jpeg

© 2010 - 2022 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84