ӨМІРБАЯНЫ
Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Жалпы ақпарат, білім
Төреғалиев Нариман 1964 жылы 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есенсай ауылында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1990) инженер-экономист, Каспий қоғамдық университетін (2004) заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Мансап
1990 – 1995 жылдары «ХVІІІ Партсъезд» атындағы ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті;
1997 - 1999 жылға дейін - "Айтиево"өндірістік кешенінің бас бухгалтері, бас экономисі, жабдықтаушысы;
1999 - 2001 жылдары - "Ақжол" шаруа қожалығының басшысы;
2001 - 2002 жылдары-Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
2002 - 2003 жылға дейін - Орал қ. жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры;
2003 - 2005 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары;
2005 - 2008 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары;
2008 - 2010 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры;
2010 - 2012 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;
2012 - 2015 жыл - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі;
2015 - 2016 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2016 - 2017 жылға дейін - Орал әкімі;
2017 - 2022 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
2019 жылға арналған шаралар реестрі
Жекешелендіру
Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет 2014 жылы 31 наурызда 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын (ҚРЖЖ №280) (бөлек файлмен) бекітіп, сондай-ақ бәсекеге қабілетті ортаға тапсырылуға ұсынылатын Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің еншілес, тәуелді мекемелері мен басқа да мүдделес заңды тұлғаларының тізімін қабылдаған болатын.
Кестенің орындалуы
«Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес, «Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесі» бойынша 7 қосымшада «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ қатысты 11 ұйым көрсетілген:
№ | Атауы | Сату мерзімі | Порталдағы статусы, түсіндірме |
1 | «Орал» Микроқаржылық ұйым» ЖШС 100% | 19.07.2018 ж. сатылды | сатылды |
2 |
«Батыс Күнбағыс» АҚ 49% |
қаңтар 2019 жыл (банкрот) | Сауда-саттықтан алынып тасталған. Ауданаралық экономикалық соттың 2014 жылдың 16 шілдесіндегі шешімімен «Батыс Күнбағыс» АҚ банкрот деп анықталды. |
3 |
«Licorice Kazakhstan» ЖШС 9% |
қаңтар 2019 жыл |
Сауда-саттыққа шығарылды. Қатысушылардың саны екеуден кем болғандықтан 27.12.2017 ж., 27.02.2018 жылдардағы тендер түріндегі сауда-саттық өткізілмеген болып есептеледі |
4 |
«Жайық-цемент» ЖШС 9% |
қараша 2018 жыл (таратылды) | БҚО ӘД Орал қ. Әділет басқармасының 08.11.18 жылғы №945-ә бұйрығына сәйкес қызметті тоқтату тіркелді. |
5 | «Ел-ырысы» ауыл шаруашылық өнімдерінің көтерме-бөлшек сауда нарығы» ЖШС 100% | сәуір 2018 жыл (таратылды) |
Сауда-саттықтан алып тасталынды. 2 рет сауда-саттыққа қойылды. «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ 2014 жылдың 18 желтоқсандағы Директорлар Кеңесінің шешімімен таратуға берілді. БҚО ӘД Орал қ. Әділет басқармасының 10.04.18 жылғы №294-ә бұйрығына сәйкес қызметті тоқтату тіркелді. |
6 |
«Құрылыс құм» ЖШС 5% |
07.09.2018 ж. сатылды | сатылды |
7 |
«Желаев құмтасы» ЖШС 9% |
24.11.2017 ж. сатылды | сатылды |
8 |
«Миргород құмтасы» ЖШС 5% |
24.11.2017 ж. сатылды | сатылды |
9 | «Нұр-Батыр» ЖШС 9% | 17.05.2016 ж. сатылды | сатылды |
10 | «EvRo-Батыс» ЖШС 7% | 17.04.2016 г. сатылды | сатылды |
11 | «Жайық-Недра» ЖШС 49% | 28.12.2015 ж. сатылды | сатылды |
«ҚР 2011-2020 жылдарға арналған ТҮКШ жаңарту» бағдарламасы
Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158 «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақты бірге тұрғызайық!» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы» және 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Жарлықтарын жүзеге асыру мақсатында жасақталды.
Бағдарлама коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құру, халыққа көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің сапасын арттыру мақсатындағы шараларды жасақтап-қабылдауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ қаржыландырудың арнайы механизмдерін құру арқылы кондоминиум нысандарындағы ортақ мүлікті жөндеу, соның ішінде термомодернизацияны қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы негізінен бір-бірімен өзара тығыз байланысқан екі элементтің жапсарласуынан құралады:
- тұрғын үй секторы, оған коммуналдық қызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көппәтерлі тұрғын үйлер мен жеке үйлер кіреді;
- коммуналдық сектор, ол жылу-, газ- және электр қуатымен қамтуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ мемлекет бөлген қаражат есебінен жөнделетін желілер мен тұрғызылымдардан құралады.
Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2011-2012 жылдары республикалық бюджеттен «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту арқылы 432,5 млн. тенге бөлінді.
Оның ішінде 425,8 млн.теңге қазіргі таңда Орал қаласы (7 нысан) және облыс аумағындағы 7 ауданда (Ақжайык, Сырым, Қаратөбе, Тасқала, Казталов, Жаңғала және Жәнібек аудандарында) 34 көппәтерлі тұрғын үйлер жөнделді. Әкімшілік шығындар қаржылық экономикалық негіздемеге сәйкес 6,66 млн. теңге.
Қазіргі таңда, Премьер-Министр К. Мәсімовтің 2014 жылғы 4 тамыздағы № 06-80 тапсырмасы негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысы Н.Ныгматулинның 2015 жылғы 24 қантардағы № 215-1 және Премьер-Министр бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың 2015 жылғы 20 ақпандағы ӘКК тиімсіз Бағдарламалардан шығару тапсырмасы негізінде, осыған орай Үкіметтік тиімсіз Бағдарламалардаң міндеттемелермен талап ету құқықтарын цессия және қарыз келесім-шарттарымен мамандырылған ұйымға беру ұсынысы негізінде, «Батыс Қазақстан облысының қаржы баcқармасы» ММ 2015 жылғы 9 маусымдағы № 308 Бұйрығымен 8 мамандырылған уәкілетті ұйым тағайындалды.
Қазіргі таңда, 2015 жылғы 9 маусымдағы № 308 Бұйрық негізінде «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ Орал қаласы және облыс аумағындағы 7 ауданда орналасқан мамандырылған уәкілетті ұйымға міндеттемелермен талап ету құқықтарын цессия арқылы Бағдарламаны жүзеге асырмайды.