+7 7112 93-37-68

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 БАҒДАРЛАМАСЫ

БОЙЫНША АНЫҚТАМА

(01.09.2019 жыл жағдайына)

1. Мемлекеттік бағдарламаның атауы

    - «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» (әрі қарай - Бағдарлама);

2. Бағдарламаны жүзеге асыруға уәкілетті орган (әкімші)

    – «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновацияық даму басқармасы» ММ (әрі қарай – бағдарлама әкімшісі);

3. Өңірлік уәкілетті ұйым

    – «Орал» Әлеусметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» (әрі қарай «Орал» ӘКК» АҚ);

4.  Қаржыландыру көлемі:

№1 Кесте

р/с Негіз құжат

Құжат

Дата

Сомасы,

млн. теңге

2011 жылы бөлінгені
1 Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020 шеңберінде бюджеттік кредиттерді беру туралы келісім 16 12.10.2011 ж. 200,0
 2011 жылға барлығы 200,0
2012 жылы бөлінгені
1 Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020 шеңберінде бюджеттік кредиттерді беру туралы келісім 2 28.04.2012 ж. 1 303,0
2 Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020 шеңберінде бюджеттік кредиттерді беру туралы 28.04.2012 ж. № 2 келісімге қосымша келісім 1 23.05.2012 ж. 1 869,8
2011 жылға барлығы 3 172,8
БАРЛЫҚ БӨЛІНГЕНІ 3 372,8

2011 жылы бөлінген қаржы көлемі 200,0 млн. теңгені құрайды.

Пилоттық режимде 22 несие серіктестігі (әрі қарай - НС) қаржыландырылды:

Зеленов ауданы  – 7 НС;

Казталов ауданы –15 НС;

2012 жылы бөлінген қаржы көлемі 3 172,8 млн. теңгені құрайды.

383 несие серіктестігі қаржыландырылды.

Барлық қаржыландырылғаны – 405 несие серіктестігі.

Бағдарлама Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарын қамтыды.

01.08.2019 жыл жағдайына Бюджеттік кредитті қайтаруға қатысты міндеттемлерін толық орындаған несие серіктестіктер саны – 405 НС-нің 195-і міндеттемлерін толық орындады.

 

5. «Орал» ӘКК» АҚ-ның 01.08.2019 жыл жағдайына бюджет алдындағы міндеттемелері:

     5.1. Күні бүгінге 12.10.2011 жылғы № 16 бюджеттік кредиттерді беру туралы келісімі бойынша міндеттемелер толық өтелген:

№2 Кесте

Мақсаты

Алынғаны,

млн. теңге

Қайтарым жоспары,

млн. теңге

Қайтарылды,

млн. теңге

Негізгі борыш 200,0 200,0 200,0
Сыйақы - 25,6 25,6
БАРЛЫҒЫ 200,0 225,6 225,6

     5.2. 28.04.2012 жылғы № 2 бюджеттік кредиттерді беру туралы келісімі,  23.05.2012 жылғы № 1 қосымша келісімі бойынша бюджет алдындағы міндеттемелер:

№3 Кесте

Мақсаты

Алынғаны,

млн. теңге

Қайтарым жоспары,

млн. теңге

Қайтарылды,

млн. теңге

Қалғаны, 

млн. теңге

Негізгі борыш 3 172,8 3 172,8 1 697,5 1 475,3
Сыйақы - 593,6 509,5 84,1
БАРЛЫҒЫ 3 172,8 3 766,4 2 207,0 1 559,4

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан және республиканың орталық және оңтүстік облыстарымен және Орта Азия мемлекеттерімен шектесіп жатқан қақпасы болып есептеледі.

Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. 

Шекарасы Ресей Федерациясының бес облысымен (Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор) және Қазақстанның екі облысымен (Ақтөбе және Атырау) беттесіп, олармен  темір жол, автокөлік, су және әуе жолдары көліктері арқылы байланысады. 

Аумақтың жер бедері жазық болып келеді. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында Жалпы Сырт пен Орал алды үстіртінің тарамдары таралған. Оңтүстігінде Каспий маңы ойпатының аясында Нарынқұм сілемдері жайылып жатыр: Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және басқалары. Климаты шұғыл континентті. 

Облыс үстімен Жайық өзені ағып өтеді, ол осы аймақтағы басты су желісі болып табылады. Одан басқа Сарыөзен, Қараөзен, Қалдығайты, Өлеңті, Бұлдырты, Шыңғырлау секілді ірі өзендері бар. Ірі өзендеріне Шалқар, Аралсор, Боткөл, Жалтыркөл, Сұлукөл және басқалары жатады. 

Топырағы қара-сарғылт, сарғылт, ақшыл-сарғылт сазды және сортаңды. Астық тұқымдас-шөптесінді, астық тұқымдас-жусанды, жусанды-бетегелі өсімдік бірлестіктері кеңінен таралған. 

Жайық өңірі пайдалы қазбаларға бай, олардың ішінде көп кездесетіні мұнай мен газ болса, Қарашығанақ кен орны әлемдегі қоры мол кендердің бірі болып табылады. 

Облыс орталығы Орал қаласында орналасқан. 

Облыстың тұрақты халқының саны 2005 жылдың 1 қаңтарына алғанда 606,5 мың адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары 262,5 мың адам немесе 43,3 пайыз болса, ауылдық жерлерде – 344 мың адам тұрады, бұл жалпы көрсеткіштің 56,7 пайызы. 

Облыс бойынша халықтың орналасу тығыздығы орташа есеппен (аумақтың 1 шаршы шақырымын алғанда) 4,0 адамды құрады. 

03.05.1962 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы болып келіп, соңынан Орал облысы деп аталды, ал 1992 жылдың шілдесінен бастап бұрынғы Батыс Қазақстан облысы атауы қайтарылды.

Орал – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өнеркәсіптік, тарихи және мәдени орталығы.
Қаланың іргесі 1613 жылы қаланған, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінде ерекше әсем дала жазықтығында, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпы ұзындығы 1082 шақырым болатын Жайық өзенінің ортаңғы ағысын қуалай, оның оң жақ жағалауында және Шаған өзенінің төменгі ағысының сол жақ жағалауында орналасқан.
Орал қаласы ежелден Азия мен Еуропа арасын байланыстырып тұрған өзіндік сауда қақпасының рөлін атқарып келгені белгілі. Бұл жерде Ұлы Жібек Жолының бір тарамы өтетін. 
Өсімдіктер дүниесі дала және орманды дала зоналарына тән. Фаунасы біршама алуан түрлі деуге болады, өзендері балыққа толы. Климаты шұғыл континентті. 
Қаланың жалпы аумағы 700 шаршы шақырым жерді алып жатыр. 
Халқының саны 231,8 мың адам, олардың ішінде 83 түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 
Қала шеңберінде 4 кент округі орналасқан: Желаев, Деркөл, Зачаганск және Круглоозерное, олардың халқының жалпы саны 35,0 мың адам. 
Оралдан еліміздің жүрегі Нұр-Султанға дейінгі қашықтық – 1747 км.

Қала өнеркәсібінің дамуында Орал қаласынан 150 км жерде орналасқан Қарашығанақ кен орнының маңызы зор.

Оралдың тарихи келбеті бірегей және баға жетпес деуге болады, әсіресе  XVIII – XIX ғасырдың ескерткіштері өте көп: Е.Пугачевтің тоқтаған үйі, Ескі собор, Құтқарушы Христің Храмы, наказшы атаманның үйі, Карев үйі, облыс әкімдігінің ғимараты, қалалық мәдени және демалыс саябағы. Қаланың қазіргі заманғы көріністерін жаңа зәулім үйлер мен тізіле бой көтерген шағын аудандар, әуежай және темір жол вокзалының ғимараттары, Абайға, С.Датовқа, М.Мәметоваға, В.И.Чапаевқа, А.С.Пушкинге қойылған ескерткіштер, Мәңгілік алауы жалындаған Жеңіс Мемориалы және басқалары толықтырып тұр.

2012 жыл, Орал қаласы - 5 нысан:

  • Широкая к-сі, 4 үй
    2 қабатты тұрғын үй; мердігер – «Батыскурылыс» ЖШС
  • Широкая к-сі, 6 үй

3 қабатты тұрғын үй; мердігер – «Батыскурылыс» ЖШС

  • Құрманғазы к-сі, 33 үй
    9 қабатты тұрғын үй, мердігер – «Батысстройфакт» ЖШС
  • Жуков к-сі, 4 үй
    2 қабатты тұрғын үй; мердігер – «Кварц» ЖШС
  • Алматы к-сі, 109/1
    5 қабатты тұрғын үй; мердігер – ТОО «AIBAS COMPANY»

2013 жыл - 27 нысан:

  • Тасқала ауданы
    Тасқала ауылы, Абай к-сі, 28 үй; мердігер – «АИАС стройсервис» ЖШС;

Тасқала ауылы, Абай к-сі, 30 үй; мердігер – «АИАС стройсервис» ЖШС;
Тасқала ауылы, Абай к-сі 35 үй; мердігер – ЖК «Беккалиев»;

  • Сырым ауданы
    Жымпиты ауылы, Досмұхамедов к-сі, 7 үй; мердігер – «Алимбек» ЖШС;

Жымпиты ауылы, Досмұхамедов к-сі, 9 үй; мердігер – «Алимбек» ЖШС;

Жымпиты ауылы, Молдағұлова к-сі, 1 үй; мердігер – «Алимбек» ЖШС;

Жымпиты ауылы, Молдағұлова к-сі, 2 үй; мердігер – «Алимбек» ЖШС;

Жымпиты ауылы, Есенжанов к-сі, 21 үй; мердігер – «Алимбек» ЖШС;
Жымпиты ауылы, Маметов к-сі 4 үй; мердігер – «Уркенстройсервис» ЖШС;

  • Ақжайық ауданы
    Чапай ауылы, Исаев к-сі, 112 үй; мердігер – «Алимбек» ЖШС;
    Чапай ауылы, Қонаев к-сі, 38 үй; мердігер – «Алимбек» ЖШС;
  • Қаратөбе ауданы
    Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев к-сі, 4 үй; мердігер – «Алимбек» ЖШС;
  • Казталов ауданы
    Казталов ауылы, Наурыз к-сі, 4 үй; мердігер – «Казстрой» ЖШС;

Казталов ауылы, Наурыз к-сі, 2 үй; мердігер – «Утеш» ЖШС;

Казталов ауылы, Шарафутдинов к-сі, 15 үй; мердігер – «Утеш» ЖШС;

Жалпақтал ауылы, Нұрпейісов к-сі, 10 үй; мердігер – «Утеш» ЖШС;

  • Жаңақала ауданы

Новая казанка ауылы, Бекесов к-сі, 1 үй; мердігер – «Аяла» ЖШС;

Жаңақала ауылы, Мендіханов к-сі, 1 үй; мердігер – «Аяла» ЖШС;

Жаңақала ауылы, Құрманғазы к-сі, 18 үй; мердігер – «Аяла» ЖШС;

Жаңақала ауылы, Бабажанов к-сі, 24 үй; мердігер – «Утеш» ЖШС;

Жаңақала ауылы, АТП к-сі, 19 үй; мердігер – ЖК «Беккалиев»;

Жаңақала ауылы, Құрманғазы к-сі, 22 үй; мердігер – «Жолаушы жол» ЖШС;

Жаңақала ауылы, Құрманғазы к-сі, 18 үй; мердігер – «Утеш» ЖШС;

Жаңақала ауылы, С. Датов к-сі, 15 үй; мердігер – «АИАС стройсервис» ЖШС;

Жаңақала ауылы, Айтқұлов к-сі, 32 үй; мердігер – «АИАС стройсервис» ЖШС;

Жаңақала ауылы, Жантлеуов к-сі, 4 үй; мердігер – «Алимбек» ЖШС;

  • Жәнібек ауданы

Жәнібек ауылы, Ихсанов к-сі, 1 үй; мердігер – «Аяла» ЖШС;

2015 жыл, Орал қаласы – 2 нысан:

Құрманғазы к-сі, 169 үй
5 қабатты тұрғын үй; мердігер – «АИАС стройсервис» ЖШС;

Широкая к-сі, 4 үй
5 қабатты тұрғын үй; мердігер – «Батыскурылыс» ЖШС.

«Licorice Kazakhstan» ЖШС сату бойынша шаралар жоспары

Шаралар Орындау мерзімі
1 Квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік меншік объектілерін саудаға шығару Кестесін бекіту 10.11.2017
2 Объектіге бағалау жүргізудің басталуы 25.06.2018
3 Объектінің құнын бағалау бойынша есептілікті қабылдау 23.07.2018
4 Жекешелендірудің түрі, бастапқы баға мен объектіні сату жағдайларын бекіту бойынша Комиссия отырысын өткізу 31.07.2018
5 Сатылу объектісі бойынша сауда-саттықтары туралы ақпараттық хабарландыруларды жариялау (оның ішінде қайталап өткізілетін сауда-саттықтар туралы) 21.08.2018
6 Сауда-саттықтардың өткізілу күні 20.09.2018
7 Сатып алу-сату шартын жасасу 03.10.2018

заставка-каз.jpg

Азаматтарды қабылдау кестесі

Лауазымы Қызметкердің Т.А.Ә. Қабылдау күні Қабылдау уақыты
1 Басқарма Төрағасы Досмаков Е.Н.

Дүйсенбі

Сәрсенбі

17:00-18:00
         

Қабылдау 93-37-68 телефоны бойынша алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.

© 2010 - 2022 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84