+7 7112 93-37-68

AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Контакты СПК Aqjaiyq Instagram СПК Aqjaiyq Facebook

Кері байланыс

Яндекс.Метрика
1 Құрлыс нысанының орналасқан жері

Батыс Қазақстан облысының әкімшілік бөлігінде  орналасқан.

Жобаның қолжетімді тұрғын үй құрылысы немесе авариялық және ескірген үйлерді бұзуға әлеуметтік бағытталуы артықшылығы болып табылады

2 Жобаның құны Құрылыстың болжамды құны  тұрғын үйдің 1 ш.м. 155 000 теңгеден құнынан аспауы керек
3 Құрылыс нысанының сипаттамасы

1) Қабаттылығы – 5 қабаттан төмен емес

2) Пәтерлер саны – 60 пәтерден кем емес

3) Жайлылық сыныбы –3 сыныптан кем емес (ҚР ҚНмЕ сәйкес)

4) Кіреберістер саны – 2 кіреберістен кем емес.

4 Әлеуетті Әріптеске қойылатын талаптар
  1. Азаматтық құрылыс саласында 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
  2. Соңғы 3 жылда көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына қатысу (келісімдер немесе пайдалануға беру актілерімен расталады);
  3. Мемлекеттік тапсырыстар бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы (басымдылық болып табылады);
  4. Үй құрылысы үшін жер телімі мен оң мемлекеттік сараптама нәтижесі бар дайын жобалық-сметалық құжаттаманың болуы(тиімді орналасу басымдылық болып табылады);
  5. Бірлесіп қаржыландыру үшін – бірлескен Жобаны жүзеге асыруда қаражаттардың 10 %-нан кем емес мөлшерінің барын растайтын тиісті банк анықтамасы немесе кепілдік хаты (құрылыс нысанының тікелей салуға дайын болуы басымдылық болып табылады);
  6. Құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері міндетті түрде қоса тіркеледі;
  7. Соңғы 3 жыл нәтижесі бойынша оң қаржылық жағдай (қаржы есептемесі және банк пен салық органдары анықтамаларымен расталады).
5 Ерекше шарттар
  1. «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ бірлесіп жүзеге асыру мақсатында Жобаны және Әріптесті таңдау құқығын өз қарастыруына қалдырады;
  2. «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан қаржыландыру немесе бірлесіп қаржыландыру мөлшерлері конкурс қорытындыларының келіссөздері негізінде ұсынылған өтінімдер бойынша анықталады;
  3. Конкурсқа қатысу өтінімін қарастырғанда апатты және ескі үйді бұзу шеңберінде салынатын құрылыс жобасы басымдылыққа ие болады;
  4. Конкурсқа қатысу өтініміндері қажетті құжаттар пакеті тізімінің 4-тармағына сәйкес ақпараты толықтай қамтуы қажет, «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан 100% қаржыландыру жағдайында конкурстық өтінімде 4-ші тармақтың 5) тармақшасынан басқа құжаттары болуы қажет;
  5. Конкурсқа қатысушының өтінімі мекеме туралы қысқаша сипаттама, жұмыс тәжрибесі, ұсынылып отырған бірлескен жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштер және бірлесіп жүзеге асырудың тағы да басқа шарттарын көрсету қажет;
  6. Конкурсқа қатысу өтінімі 2017 жылдың 18 сәуірінен бастап 2017 жылдың 3 мамырының 10 сағат 00 минутке дейн қағаз нұсқасында бекітілген желімге (конверт) салынып, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 206/1 мекен-жайыбойынша орналасқан «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ кеңсесіне тапсырылуы тиіс;
  7. Осы хабарлама көпшілік офертасы болып табылмайды.

Толықтай және қосымша ақпарат алу үшін келесі мекен жай бойынша хабарласуға болады:

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 206/1

немесе 8 (7112) 50-59-47, 50-66-28, 8-705-512-1312 және 8-705-331-5311 телефондары арқылы.

Сонымен қатар, электронды түрде  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  электронды поштасына сұрақтарыңызды жолдауға болады.

  • Оралда саяжай өнімдерін өткізудің мүмкіндігі кеңейді

    22.08.23 | Толығырақ
  • «Ауыл аманаты»: Батыс Қазақстанда бір мыңнан астам өтінім қабылданды

    07.08.23 | Толығырақ
  • “AQJAIYQ” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы саяжай өнімдерін сатудың оңтайлы жолын ұсынады

    07.08.23 | Толығырақ
  • БҚО-да 2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4,5%-ға өсті

    10.01.23 | Толығырақ
  • Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайының ашылуы

    07.04.22 | Толығырақ
Посмотреть на карте Уральска

© 2010 - 2022 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Исатай-Махамбет көшесі, 84